24 мамыр күні РҚҰ ХҚҚҰ Медиация орталығы кәсіби медиатор Рузана Есентемировамен бірлесіп "Телефон арқылы медиация" тақырыбында онлайн-вебинар өткізді. Вебинардың спикері ретінде университет профессоры, АҚШ Жоғарғы және апелляциялық сотының американдық медиаторы, 23 жылдық тәжірибесі бар Френк Лейни (Каролина штаты) жүргізді. Вебинарға ХҚҚҰ-ның 80 кәсіби медиаторы және басқа да медиаторлар ұйымдары қатысты. Оқу іс-шарасында біз телефон медиациясының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, Америка Құрама Штаттарында медиацияны жүргізу тәртібін, медиатордың жұмысына ақы төлеу шарттарын, медиаторлардың соттармен өзара іс-қимылы және басқа мәселелерді қарастырдық. Іс-шараға қатысушылар қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие медиация туралы жаңа білім алғандары үшін алғыстарын білдірді.