ХҚҚҰ медиация орталығы медиаторларының онлайн конференциясы

  15 мамырда кәсіби медиаторлар мен РҚҰ "Халықаралық құқық қорғау орталығы" және медиация орталығы филиалдарының басшыларымен онлайн конференция өтті. Конференцияда онлайн-медиацияны өткізу мәселелері, медиацияны қашықтықтан өткізу ерекшеліктері, алдағы тоқсанға арналған жұмыс жоспары, медиация бойынша заңнамадағы күтілетін өзгерістер, ҚР Парламенті Сенатында әзірленген заң жобасына ұсыныстар талқыланды. ХҚҚҰ жетекшісі жаттықтырушы-медиатор Жанділдә Жақыпов онлайн-медиация бойынша медиаторларға арнап семинар өткізді.