ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрімен кездесу

  Алматы қаласының Достық үйінде үкіметтік емес ұйымдар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуде ХҚҚҰ басшысы Жанділдә Жақыпов медиация институтын дамытудың проблемалық мәселелері: медиация саласындағы мемлекеттік органның құзыретін заңнамалық бекіту, ҚР медиаторлардың бірыңғай қауымдастығын құру, бітімгершілік рәсімдер мен медиацияны қолдану аясын кеңейту, еңбек, отбасылық, жер даулары бойынша, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде медиатормен міндетті ақпараттық әңгіме жүргізу және т. б. мәселелер бойынша сөз сөйледі. Министр А. Балаева осы барлық мәселелерді назарға алып, медиация институтын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, жақын арада министрлік медиация институтын және татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту үшін барлық қажетті шараларды қолданатынын айтты.