Шетел валютасындағы ипотека

Жақында "Халықаралық құқық қорғау орталығы" РҚҰ басшысы Жанділда Жақыпов "Atameken Business" телеарнасы тікелей трансляциясында сарапшы болды. Бағдарламаның тақырыбы "Шетел валютасындағы ипотека және олардың заңнамадағы негізгі аспектілері". Тікелей эфир кезінде Жанділдә Жақыпов аталған тақырып бойынша келесі фактілерді атап өтті:

"Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы "Заңның 1-бабының 4-тармақшасында валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану валюталық операцияларға жатады деп белгіленген. Аталған баптың 3- тармақшасына сәйкес шетел валютасы валюталық құндылықтарға жатады.

Осылайша, шетелдік валютада банктік қарыз беру валюталық операцияларға жатады және мұндай операция заңмен тыйым салынбаған. Өйткені, банк бір мезгілде валюталық құндылықтар (яғни шетел валютасы) операцияларына лицензиясы болған кезде жүзеге асыруға құқылы.

"Банктер және банк қызметі туралы" Заңның 34-бабының 3-1-тармағына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, банкке жүгінген күннің алдындағы қатарынан 6 ай ішінде осы валютада табысы жоқ жеке тұлғаларға шетел валютасымен ипотекалық қарыздар беруге тыйым салынады. Осы тыйым салумен қамтылмаған жағдайларда валюталық қарыздар заңды болып қала береді.»

 

 

 

Last modified on Сейсенбі, 17 Наурыз 2020 12:30